Деструктивті діни ағымдар
Деструктивті діни ағымдар

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

  • Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
  • зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
  • мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
  • мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
  • дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
  • заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;
  • заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.) орындаудан бас тартады;
  • медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
  • білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

Қазақстан Республикасы – Зайырлы Мемлекет

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, кұқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

Зайырлылық – ол:

  • мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;
  • азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан теңдігі;
  • азаматтардың дінді таңдауғажәне діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;
  • рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;
  • қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.
aruzhanaruzhan
4 года назад 1973
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0